ОҚУ ОРЫНДАРЫН БЕЙІМДЕУ ЖОСПАРДА

1882
Adyrna.kz Telegram

Талдау және болжау институтының ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс орталығында Чернобыль АЭС болған апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға арналған ескерткіш орнату және облыстағы білім беру ұйымдарын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеу сұрақтары қаралды.

Отырысқа сарапшылық жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаты және БАҚ журналистері қатысты.

Алғаш болып мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов сөз алды. Өз сөзінде ол ескерткішті орнату мәселесі 2016 жылдан келе жатқанын және алғашқы бюджеттік өтінімнің құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі салдарынан қабылданбағаны туралы мәлімдеді. Ескерткішті орнатуға қажет қаражатты бизнес-ұйымдардан және алпауыт өнеркәсіп орындарынан жинау ойы да сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі таңда барлық құжаттар ретке келтіріліп, мамыр айында әкім орынбасарының төрағалығымен өтетін арнайы комиссияға шығу жоспарда. Бұл комиссияның оң шешімін алған жағдайда маусымда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тағы бір бюджеттік өтініммен шығу көзделіп отыр.
Сарапшылық жұмыс тобының мүшелері айтылған ақпаратты қабылдап, бұл сұрақты өз бақылауында ұстауға шешім қабылдады. Сонымен қатар «ШҚО бойынша Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері Одағы» ҚБ «ҮМЗ» АҚ қаржылай көмек көрсету туралы хат жолдау тапсырылды.
Сарапшылық жұмыс тобының мүшесі Ирина Ляховская ШҚО Білім басқармасының инклюзивті білім беру жобасын іске асыру аясында облысымызда 38 білім беру ұйымын бейімдеу жоспарлануда екендігін атап өтті. Осы орайда сарапшылық топ мүшелері және арнайы дипломы бар мамандар аталмыш 38 нысанды аралап, қажетті жұмыс көлемін анықтады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша әрбір нысанға жеке ақаулы өнім тізімдемесі дайындалды. Бұл тізімдеме қазірдің өзінде барлық нысандарды бейімдеуге қанша қаражат жұмсалатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Ендігі мәселе мектеп директорларының дұрыс техникалық сипаттама дайындауында. Сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева өз кезегінде орындалған жұмысқа оң бағасын берді. Алайда, ол, бұл жұмыс барысында арбадағы мүгедектерден өзге санаттарының мұқтаждықтары ескерілмегендігін тілге тиек етті.
Отырыс қорытындысы бойынша білім басқармасына мектеп басшылығымен тығыз байланыста барлық санаттағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың мұқтаждықтарына бейімделген білім орындарын даярлауға қатысты ұсынымдар берілді.

 

 

Пікірлер