Ауғанстанға кеткен құтқарушылар Қазақстанға оралды

2630
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ауғанстанға барған Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары елге оралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Гуманитарлық миссияны орындау үшін жалпы 45 адам, оның ішінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жіберілген болатын.

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының міндетін атқарушы генерал-майор Ұларбек Әбікеевтің басшылығымен қазақстандық құтқарушылар жасағы қойылған міндеттерді абыроймен орындады, - деп атап өтті ведомствода.

Құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды. Сондай-ақ "Lider.kz" қозғалысының волонтерлері де болды. Олар Чарли, Джейкоб пен Евро атты құтқарушы иттерге медаль дайындады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер