«Керек, қалаймын және қолымнан келеді». Мектеп ашып, IT саласына өз үлесін қосып жүрген Ербол

1733
Adyrna.kz Telegram
фото: Ербол Турмаханұлы
фото: Ербол Турмаханұлы

Тасполатов Ербол Турмаханұлы - Қазақстанда танымал жастардың бірі. Ол 2002 жылы 27 қаңтарда Шымкент қаласында туған.

2008 жылы Шымкент қаласындағы О.А.Жолдасбеков атындағы физика-математика бағытындағы лицейге 1-сыныпқа барған Ербол мектепте қатарластарының алды болды. Мектепте математика бойынша пәндік олимпиадаларға қатысып, оқушылар арасында үздік болды.

Ербол 2019 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің IT -Ақпараттық технологиялар мамандығының мемлекеттік грантын жеңіп алады. 2021 жылы робототехника бойынша олимпиаданы жеңіп, университетте жас инженерлер клубын ұйымдастырады.
Студент болып оқи жүріп, ол өзінің IT мектебін ашты.

«Таңдауым IT саласы болды. Мамандық таңдарда менде үш негізгі қағида болды. Олар: керек, қалаймын және қолымнан келеді. Мен үшін - ең алдымен мамандықтың қоғамға керек болғаны маңызды. Өйткені адам қоғамға өзінің пайдасын әкелу керек. Ал IT саласы болашақтың негізі. Себебі, бағдарламалау арқылы өзекті мәселелерді шешуге болады. Мысалы, 2017 жылы Дмитрий Шамарин мылқау адамдардың сөздерін іс-қимылдан дыбысты түрге айналдыратын қолғап ойлап тапты. Ал қоғамда осыған ұқсас шешімін тосып отырған мәселелер өте көп. Стив Джобс  «The only way to do great work is love what you do» деп айтады. Мамандық тек «керек» қағидасына сүйенбеу керек, себебі, сенің мамандығың ол жағдайда тек ақша алып келетін болады. Стив Джобстың айтқысы келетіні:  «сен жан-тәніңмен берілген мамандықта ғана керемет нәтиже көрсете аласың. Яғни сен сол мамандықты қалау керексің, Ньютон физиканы сүйгендей. Ал мені IT саласы туралы ойлаудың өзі бақытты етеді. Мамандықты қалау және оның қоғамға керек болуы жеткіліксіз, егер сенде осы саланы игеретін қабілет болмаса. Мысалы, хирург қолсыз бола алмайды. Сенің білім деңгейің мен қабілеттілігің мамандық таңдауда үлкен үлеске ие. Мен қолымнан келу қағидасына беріліп жұмыс жасап жатырмын және жасайтын боламын. Менің неге IT саласын таңдағаным енді айдан анық болды деп есептеймін. Болашақ гипотезаға бағынбайды, бірақ, қазір мен осындай жоспар құрып, мақсат қойып, соған жетуге тырысып жүрмін. Осы арман- мақсатым ертең адамзатқа пайдалы болуға көмектеседі деп сенемін», - дейді Ербол.

Расымен де Ербол сауатты. Себебі, ол қазірдің өзінде мектебін ашып үлгерген. Оның ашқан мектебінің түлектері халықаралық жобаларға қатысып, игі істер жасауда.

Ербол кітапты көп оқып, тынымсыз ізденетін болғандықтан көшбасшылық қабілетке ие. Оның мына сөзі жастарға ой салады.

 «Ерте ме, кеш пе, адамға мамандығын таңдау керек. Мамандақты таңдау – өте маңызды, өйткені бұл жай жұмыс ғана емес, бұл сіздің болашақ өміріңіз. Сондықтан жұмыс саған ақша ғана емес, сондай-ақ қуаныш әкелу керек. Біз тез дамып келетін технологиялар ғасырында тұрамыз, сондықтан оның таңдауы IT мамандығына әкелді, өйткені, бұл мамандық көптеген жылдар бойы өзекті және перспективалы болып қала береді. IT маманы – компьютерлерге арналған бағдарламалық жасақтаманы қалай дамытатынын білетін адам. Бұл жоғары төленетін мамандық, себебі компьютер барлық салаларда қажет. Бүгін компьютерді барлық жерде табуға болады: мектепте, ауруханаларда түрлі компанияларда және тағы басқалар. Барлық осы компьютерлер үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге қызмет етеді. Бірақ бұл компьютерлер тиісті бағдарламалық жасақтамасыз пайдасыз болады. Сондықтан бағдарламашы мамандығы дамып, ең танымал мамандықтардың бірі болып табылады», - деп атап өтті Ербол.

Иә, робототехника қарқынды дамыған қазіргі кезеңде ақпараттық жүйелерді игеру өзекті болып отыр. Осы саланы таңдаған Ерболдың еңбекке деген ұмтылысынан көп дүние аңғаруға болады. Ербол мектебін бітірген талай жастар қазір ІТ саласын шебер меңгерген мамандар.

Нұрлан Асқарұлы, журналист

Пікірлер