Жәнібек Әлімханұлы ертең болатын жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

1673
Adyrna.kz Telegram
фото: Prosports.kz
фото: Prosports.kz

Қазақстандық, спортшы, кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертең германиялық Винченцо Гуальтиеримен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі - 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер