Университет оқытушысына қысым жасаған менеджер қызметінен босатылды

2019
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Қастай Дастан Қуандықұлын жұмыстан шығарып, қысым жасаған менеджер қызметінен босатылды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бүгін журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев ортамызға келіп,  көзайым болып жатырмыз.

Оның үстіне факультеттегі жағдай реттеліп, Дастан Қастайдың  оқытушылық қызметіне қатысты барлық мәселе орын-орнына келді.    Университет басшылығы тарапынан Академиялық мәселер бойынша проректор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева факультет ұстаздарымен кездесіп,  ұжымның ой-пікірін тыңдады.   22.09.2023-09.10.2023 аралығында декан Мәншүк Мұқашеваның  Дастан Қастайға жасаған қысымы ашық айтылды.  Бүгіннен бастап университет ректоры М.Мұқашеваны қызметінен  шығару туралы бұйрық шығарды.  Жас оқытушыға жасалған қысым туралы университет басшылығы  дер кезінде хабардар болмағаны рас.  Академиялық адалдық пен әділеттілік  орнады деп үлкен сеніммен жұмысқа кірісті”, деп жазды Гүлмира Сұлтанбаева.

Еске салайық, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Қастай Дастанды университет басшылығының ешбір себепсіз жұмыстан шығарып жібергеніне қатысты наразылығын білдіргенін хабарлаған едік.

Пікірлер