Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

2502
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды. Үкімді өңірдің ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Прокурор бұған дейін Мәсімовке 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айыпталушы «Пара алу», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», «Шекараны заңсыз бұзып өту» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Алайда ол өз кінәсін мойындамады.

Сот Нұрлан Мәсімовтен бөлек, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичті 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Еске салайық, былтыр сәуірде Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған. Кейін шілдеде оның Ресеймен шекарада ұсталғаны хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер