Home » Жаңалықтар » Ажалдары картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

Ажалдары картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

Төрт азаматтың үшеуі жертөледе көз жұмды, ал 17 жастағы бозбала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды

 Ақмола облысында Тәжікстанның төрт азаматы бұзылған картоптың иісіне уланып өлді.

Державин қаласы Жарқайың ауданында бейсенбі кешке 1971, 1975, 1981 жылғы үш ер адам және 17 жастағы бозбала жер үйдің жертөлесіне картоп алмақ боп түседі. Үшеуі сол мезетте бірден көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

“Үшеуі оқиға орнында көз жұмған, ал бозбала ауруханаға барар жолда мерт болды. Марқұмдар – Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала жасалған болжам бойынша, олар шіріген картоптың иісіне тұншығып өлді”, – делінген хабарламада.

Осы айдың басында ғана тура осындай қайғылы оқиға Алматы облысында болған еді. Текес ауылында төрт адам уланып, оның бірі мерт болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жертөле бұзылған картоптан шыққан улы газға бөгіп тұрған, олар содан тұншыққан.

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

76 жылдан кейін ардагер денесі табылып, қайта жерленді

Семейде 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырту алған соғыс ардагері Сартай Бейімбетовтың денесін қайта жерлеу ...