АҚШ хатшысы астық мәмілесінен шыққан Ресей шешімін "арсыздыққа" балады

2481
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің астық мәмілесінен шығу туралы шешімін "арсыздыққа" балап, барлық инфляцияның басты себебі ретінде атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

АҚШ хатшысы Ресейдің әрекетін "арсыздыққа" балап, келісімді мүмкіндігінше тез әрі қайта жасауға шақырды.

"Барлық елдер мұны аса мұқият қадағалап отыр деп сенемін. Олар Ресейдің мынандай әлемде инфляция болып, азық-түлік бағасы артып жатқанда "бүйректен сирақ шығаруын" түсіне алар емес. Ресей астық саудасынан бас тартқандары үшін жауап беретіндерін ұмытпасын", - деді мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен брифинг барысында.

Орайы келгенде айта кетейік, дүйсенбіде, Ресей астық мәмілесін тоқтатқанын жариялағаннан кейін, әлемдік тауар нарығында бидай мен жүгері бағасы күрт өсті. Бұл туралы АҚШ-тың CNN телеарнасы хабарлады.

Ақ үй Ресейдің шешімін сынға алып, "азық-түлік қауіпсіздігін нашарлатады және бүкіл әлемдегі миллиондаған кедей-кепшікті қалтыратады" деп ескертті, Ресейді "шешімін дереу жоюға" шақырды.

Еске салайық, Ресей тарапы Севастопольдегі рейдте тұрған Қара теңіз флотының кемелері мен азаматтық кемелеріне шабуыл жасаған Украинаның қадамдарынан кейін астық мәмілесін жойып,  белгісіз мерзімге тоқтатқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер