Шымкентте қала күні мерекесінде алғашқы скейт парк ашылды

1060
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкентте қала күні мерекесіне орай алғашқы скейт-парк ашылды. Велосипедті мотокросс және скейтбордингпен айналысуға арналған алаң қаладағы Абай саябағының аумағында орналасқан.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекеге орай жаңа нысанмен танысып, жас спортшылармен әңгімелесті. Шаһар басшысының айтуынша, мемлекет жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жас буынның бұқаралық спортпен және шығармашылықпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына барынша қолайлы жағдай жасап келеді.

Айта кетейік, скейтбординг таяуда Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Шымкентте бұл спорт түрі енді ғана дамып келеді. Қалалық скейтбординг федерациясының жетекшісі Сергей Бараненконың айтуынша, қазір Шымкентте 100-ден астам скейтерлер болса, тағы сонша жас велосипедті мотокроспен айналысады екен.

Жаңадан ашылған скейт-парктің аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Онда бір мезгілде 40-қа жуық адам спортпен айналыса алады. Бұл жерде сейтбордингпен енді айналысып жүрген әуесқойларға арналған қарапайым фигуралар да, кәсіби скейтерлердің күрделі трюктар жасауына арналған фигуралар да орнатылған.

Пікірлер