Әлеуметтік нысандарды қайта бейімдеу қажеттілігі

1488
Adyrna.kz Telegram

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті жүріп-тұруына кедергі келтіретін дүниелер көптігі жасырын емес. Әсіресе, азаматтар жиі баратын кей әлеуметтік нысандар мен ем алу орындарына кірудің өзі машақат дерсің.

Биыл сол олқылықтардың орнын толтыруға 1,7 млрд теңге бөлініпті. Қаржы нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп қайта бейімдеуге жұмсалады. Бұл жөнінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұловтың өзі мәлімдеген.

Бұл жұмыстар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтық және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылып жатқан көрінеді.

Сандарға сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде 22 мыңнан астам нысан дәл осылай қайта бейімдеуді қажет етеді. Жоспарға сай жыл сайын 4 мыңнан астам нысан қайта бейімделіп отырады. Қазірге шейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 9 мыңнан астам нысан қайта бейімделген. Яғни, арнайы пандустар, лифттер мен дәретханалар салынып, зағип жандар үшін белгілер ілінген.

Сонымен қатар биыл Астанада 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылысы басталады.

Пікірлер