Назарбаев кеңсесінің жұмысы тоқтатылады – Жамаубаев

2749
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі алдағы бір жарым ай ішінде қайта құрылымдалады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заң аясында канцелярияның жұмысы тоқтатылады. Кеңседе жұмыс істеген адамдардың бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады. Ал қалған қызметкерлер жұмыстан қысқартылады. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын»,—деді ол.

Айтуынша, қайта құрылымдаудан шамамен 2-3 млрд теңге қаржы үнемделмек.

Пікірлер