Жолаушылардың құқығын бұзған SCAТ әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды

2056
Adyrna.kz Telegram

 Қызмет көрсету барысында қателікке бой алдырған SCAT әуе компаниясының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитті осы жылдың 27 мамырында Қостанай-Анталья бағытындағы VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіргені үшін үшін SCAT әуе компаниясына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабымен әкімшілік ісс қозғады. Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету барысында әдеп нормаларын сақтау Қазақстан әуе компанияларының басымдығы болуы тиістігін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол беруге болмайды әрі орынсыз», - деп атап өтеді комитеттен.

SCAT әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға келтірілген шығын өтелген және олар таяу уақытта туристік жолдамаға сәйкес Антальяға ұшуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әуе компаниясының әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік сипаттағы іс-шара қолданылатын болады.

«Дегенмен, SCAT  әуе компаниясы құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», - деп қадап айтты Азаматтық авиация комитеті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер