Жақында сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен кәсіпкер Қайрат Боранбаев сот үкімі жарияланғаннан кейін әлі тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев олардың айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Боранбаев әлі тергеу изоляторында. Мәсімов ҰҚК-нің тергеу изоляторында. Әзірге ол қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне келген жоқ, – дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.
Мейрам Аюбаевтың айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары ішкі істер, арнайы органдар, құқық қорғау және сот органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің екі мекемесінің бірінде жазасын өтейтін болады.
Қазақстанда барлығы мұндай екі мекеме бар: біреуі (орташа қауіпсіздік) – Өскеменде, екіншісі (ең жоғары қауіпсіздік) – Семейде.