СҚО-да ауыл әкімі журналиске берген сұхбатынан кейін инсульт алған

2184
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіз журналист Асхат Ниязов Солтүстік Қазақстан облысындағы Астрахан ауылының әкімі Руслан Қабатовтан сұхбат алды. Желіде жарияланған арнайы шығарылымнан кейін ауыл әкімі ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды "Адырна" порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Асхат Ниязов өзінің "Обожаю" атты Youtube арнасында еліміздегі түрлі ауылдардан арнайы шығарылымдар жасап, ауыл әкімдерінің тыныс-тіршілігі жайлы баяндайды. Кезекті репортаж СҚО-дағы Астрахан ауылы жайлы түсірілді.

Ауыл тұрғындарынан алған сұхбатында, әкімнің жөндеуге кеткен көлігі, жүргізушісі болып жұмыс істейтін жақын туысы, сондай-ақ, ақша бөлініп, қағаз жүзінде сатып алынған әкімшілікті жууға қажетті заттардың іс жүзінде жоқтығы жайлы айтылды. Тіпті 20 мың теңге айлық алатын әкімшілік еденін жуушы азаматшаның өз қалтасынан ақша шығарып, тазалайтын түрлі сұйықтықтар сатып алатыны айтылды. Бірақ қағаз жүзіндегі есептік құжаттарда аталған ұсақ дүниелерге қаражат бөлінген.

Соңғы деректерге сәйкес, Астрахан ауылының әкімі аталған сұхбаттан соң инсульт алып, ауруханаға түскен. Қазіргі жағдайы бірқалыпты деп хабарланды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер