Ақтөбеде мектеп-интернат заңсыз жұмыс істеген

3253
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы Қобда ауданында мектеп-интернат 9 ай бойы заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәлімдеуінше, онда ауылдық жерлерден келген 15 бала білім алған.

«Интернат қызметі жалпы білім беру мекемесінің жанында ұйымдастырылғанымен, оның құрылтай құжаттарында мүлдм көрсетілмеген.
Мектеп және мектеп жанындағы интернат оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері заңды күштерін жойған құқықтық актілер негізінде әзірленген.
Сонымен қатар, интернат ғимараты уәкілетті органдардың санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысыз пайдаланылған»,—делінген хабарламада.

Ведомство прокурорлық қадағалау актісімен барлық кінәлі лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылғанын айтты. Сондай-ақ білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер