Денсаулық сақтау министрлігінің мүлкі Назарбаев университетіне беріледі

1810
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар Назарбаев университетінің балансына беріледі. Қаулы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін»,- делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Мүлікті оқу орнына беру бастамасы өткен жылы анықталған министрліктің есеп аудитіндегі олқылықтарын жою үшін ұсынылып отыр.

Енді «Назарбаев университетінің» меншігіне жалпы сомасы 516 млн 911 мың 331 теңге болатын құрылысы аяқталмаған мына нысандар өтеді:

- 10 Кв электрмен жабдықтау желілері - 26 434 теңге;

- ТП-10/0Кв және КЛ 6-10 Кв құрылысы - 24 267 667 теңге;

- Электрлік монтаждау жұмыстары - 13 217 230 теңге;

- «Астана қаласында 180 төсектік Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» КеАҚ жобалау-сметалық құжаттамасы - 345 200 000 теңге;

- «Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасы - 134 200 000 теңге.

Үкімет қаулысы 9 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікірлер