Әлкей Марғұланның жеке мұрағатынан Момышұлының қолжазбасы бар карта анықталды

7425
Adyrna.kz Telegram

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің тарихшылары Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының Әлкей Марғұланға табыстап кеткен картасын анықтады. Тарихи құжат академиктің жеке мұрағатынан табылған.  Бұл туралы бүгін Марғұлан университетінде өткен конференция барысында Margulan Centre археологиялық орталығының қызметкері Еңлік Әбеуова баяндама жасап, алғаш рет көпшілік қауымға жариялады.

Картада Шымкент облысының 1972 жылғы әкімшілік территориясы көрсетілген. Аталған тарихи құжатты Халық қаһарманы академик Әлкей Марғұланға 1973 жылдың желтоқсан айында берген. Міне, содан бері жарты ғасыр уақыт өтті.

Картаның басты бетіне Бауыржан Момышұлы өз қолымен:

«Таразыда Тастария,

Сайрамдағы Сансызбай,

Арыстанда Албарбарыс,

Жуалыда Жолбарыс,

Түркістанда Түйменбап» – деген сөздер бар біздің елде, сол сөздердің тарихтары терең, астарлары жер астында (археология) жатқан болар» - деп жазып қойған. Ал картаның артқы бетіне сызба мен оның қысқаша анықтамасын келтірген, яғни ата-бабалары бойынша ақпарат берілген.

-Бұл құжаттың бүгінгі таңда тарихи маңызы өте зор. Себебі 60-тан асып, 70-ке таяған кездегі екі тау тұлғаның арасындағы қарым-қатынасы, туған жеріне, тарихына деген ықыласы сезіліп тұр. Бауыржан Момышұлы жер атаулары мен батыр бабалары бойынша ақпаратпен бөлісе отырып, әрі қарай зерттеуге, тарихты зерделеуге, жаңа мағлұматтар алуға қолқа салып отырғандай, - дейді Еңлік Қабыкенқызы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер