«Бұл — біздің ортақ тарихымыз». Қошанов Тоқаевтың Мәскеуге сапары туралы

3170
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдегі Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шеруге баруын бұл біздің ортақ тарихымыз деп түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна". 

10 мамырда Мәжіліс алаңында журналистер Ерлан Қошановтан күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, президенттің шеруге неге барғанын сұрады.

"9 мамыр - мереке, менің ойымша, бұл біздің ортақ тарихымыз. Біздің барлық бауырлас мемлекеттеріміздің тарихы. Сондықтан президентіміз Ресей президентінің шақыруымен барды. Ол Жеңіс шеруіне қатысты. Бірінші күні Ржев мемориалына барды. Ржевск қаласында «Мәскеуді қорғауда 22 мыңнан астам қазақтарымыз, қазақ жауынгерлері қаза тапты. Ол батырларымыздың рухына зиярат етіп, рухына тағзым етті», деді Қошанов.

Мәжіліс спикері бұл сапарды «дұрыс, өйткені Ұлы Отан соғысы мен Ұлы Жеңіс – біздің ортақ тарихымыз» деп есептейді.

«Сондықтан бұл шеруде барлық бауырлас мемлекеттердің басшылары болды.Бұл соғыста қаза тапқан аталарымызға, әкелерімізге деген құрмет деп ойлаймын.Бұл мәселені саясаттандыруға болмайды деп ойлаймын. Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам соғысқа кетті. Олардың жартысы қайтып оралмады. Олардың көпшілігі Ресейде жерленген», деп қосты ол.

Пікірлер