Сепаратизмнің кез келген белгісіне қарсы тұруымыз керек – Мемлекет басшысы

2733
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында сепаратизм белгілеріне Қазақстан халқы жұрт болып қарсы тұру керектігін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Біздегі бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесу қажет. Біз қоғамдық өрісте әртүрлі жалған немесе фейк, деструктивті жарияланымдардың айтарлықтай көбейгенін көріп отырмыз.

Ондай жарияланымдардың басым көпшілігінде авторлардың Қазақстанмен еш қатысы жоқ. Шетелден әрекет ете отырып, қоғам арасында жанжал тұқымын себуге тырысады. Олардың риторикасы мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын қалыптастыруға, адамдар арасындағы алауыздықты қоздыруға, мемлекеттік қауіпсіздікті бұзуға бағытталған", - деді Президент.

Президенттің  айтуынша, теріс пиғылдағылардың талпынысымен тұрмыстық немесе қылмыстық сипаттағы кез келген кикілжің этносаралық деңгейге шығып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

"Сондықтан біз жауапты азаматтар ретінде ракдикализмнің, экстремизм мен сепаратизмнің кез келген белгілеріне қарсы тұрып, бұл мәселеде байыпты әрі қатаң, түптеп келгенде әділетті болуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер