Украина аймағындағы жер-cу атауларын Ресеймен байланыстырып атауға шештеу қойылды. Украина аймақтарының көне атаулары қайтарылып, елде деколонизация, яғни "отаршылдық салдарынан" айықтыру үрдісі жүреді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ел президенті Владимир Зеленский топонимиканы "отарсыздандыру" заңына қол қойды. Заң географиялық аймақтарды Ресеймен байланыстыра өрбіруге, ұштастыруға, байланыстыруға шектеу қояды. Бұл жайлы "Верховная Рада"-ның сайтында жарияланды.
Заңнамада Ресей тарихын, тұлғаларын және маңызды оқиға атауларын Украинаның географиялық нысандарына телудің заңға қайшы екені айтылады. Сонымен қатар, елдегі Ресейдің маңызды нысандарының, ескерткіштері мен тарихи-мәдени орталықтарының атаулары да "заңсыздық" саналмақ.
Заңнамада:
- Украина жеріндегі қалалардың, ауыл, көше, өзен-көл, тау-тоғайдың орысша атаулары - ел ішіне іріткі салудың нақ көрінісі. Ресейдің күлімсі империялық саясаты әрі қылмыс, әрі тоқтатылуы тиіс бассыздық, - деген жолдар бар.
Сонымен қатар, сауда-cаттық мекемелері де тауардағы Ресей нышандары мен маркаларын өшіруі, айналымнан мүлде алып тастауы тиіс.
Украина депутаты Владимир Михайлович Вятровичтің хабарлауынша, құжат ресми баяндалғаннан кейінгі үш ай ішінде заңдық күшіне енеді.
"Адырна" ұлттық порталы