21 жасқа толмағандарға микронесие беруге тыйым салынбақ

2930
Adyrna.kz Telegram
Фото: Dauletten.kz
Фото: Dauletten.kz

21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Атаулы әлеуметтік көмекті және 21 жасқа толмаған қарыз алушының кірісін бағалау ресми кірісі негізінде айқындалады. Қарыз алушының орташа ай сайынғы кірісі оның өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 айдағы қатынасы ретінде есептеледі», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, бұл бастама 21 жасқа толмаған тұлғаларға микронесие беруді шектеу мақсатында енгізілмек.

«Жоба 21 жасқа толмаған адамдарға микрокредит беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, жобада тұтынушылық несиелеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Айта кетейік, құжат 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер