Ақтауда полиция бастығының орынбасары қарамағындағы қызметкеріне қол көтерді деген күдікке ілінді

2593
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда полиция бастығының орынбасары қарамағындағы адамға қол көтерген. Бұл туралы видео желіде жарияланып, тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы astanatv.kz-ке сілтеме көрсете отырып.  

Видео сипаттамасында "Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шынболат Дәрібаев қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйреткеннің орнына оларды ұрып-соғуда" деп жазылған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті Lada.kz сайтына инспекция кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша  қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер