Сот отырысынан қашқан тағы бір басшыға іздеу жарияланды

2922
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласын ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп отырған "Таразэнергоорталық" АҚ-ның экс-төрағасы Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды. Ақпаратты Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметінің өкілдері растады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Тұтас Тараз қаласын ыстық су және жылумен қамтамасыз еткен және қаржысын жымқырған деген айып тағылған Бақберген Мәуленовті іздестіру жұмыстары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, "Таразэнергоорталық" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы және оның ұлы, бақылаудағы ұйымның директоры Рахат Бүлдеш заңсыз монополиялық жолмен жоғары кіріс алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңгеге қол салды деген күдікке ілінген еді.

Былтыр Мәуленов кепілдікпен босатылған еді. Соттың баспасөз қызметі оның жақында сотқа келуге тиіс болғанын, бірақ келмегенін растады.

"Сот қаулысымен іздеу жарияланды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

"Таразэнергоорталық" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы қатысты шарасы "қамауға алумен" ауыстырылғаны атап өтілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер