"100 жыл ішінде болмаған өзгеріс басталды": Путиннің Си Цзиньпинмен кездесуі қалай өтті?

1627
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Кремльде келіссөз өткізді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

6 сағатқа созылған кездесуде қандай мәселелер талқыланды? Қысқаша айтатын болсақ:

  • Ресей сұйытылған табиғи газды жеткізуді кеңейтуге ниетті және Қытайға үздіксіз мұнай жеткізуді ұлғайтпақ.
  • Мәскеу Қытай бизнесіне Ресейден кеткен кәсіпорындарды ауыстыруға қолдау көрсетуге дайын.
  • Ресей Азия, Африка, Латын Америкасы елдерімен есеп айырысуда қытай юанін пайдалануды жақтайды.
  • РФ ШЫҰ аясында спорт қауымдастығын құруды қолдайды.
  • Ресей мен Қытай Солтүстік теңіз жолын дамыту бойынша бірлескен жұмыс органын құруға дайын.
  • Ресей мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы жоғары қарқынмен дамып келеді.
  • Қытай Қиыр Шығыстың экономикалық дамуындағы Ресей Федерациясының жетекші серіктесіне айналды.
  • Мәскеу мен Пекин IT, желілік қауіпсіздік және жасанды интеллект саласында әлемдік көшбасшы болуды көздеп отыр.

«Дәл қазір 100 жыл ішінде болмаған өзгеріс басталды және біз бұл өзгерістерді бірге орнатып жатырмыз», - деді Қытай төрағасы Путинмен қоштасар сәтте. «Келісемін», - деп қолдады Кремль басшысы. «Өзіңе абай бол, қымбатты досым», - деп Си Цзиньпин Путинмен кездесуін жылы нотада аяқтап, еліне қайтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер