Ұлыбритания cыртқы істер министрінің басшысы Джеймс Клеверли 2023 жылғы 18 наурызда Қазақ елінің мұнайы мен газын, тіпті, жалпы қазақ өнімдерін экспорттаудың баламалы жолдарын іздеуде бір жағына шығысатынын жеткізді. Отандық өнімдерді сыртқа экспорттауға арналған "Орта дәліз" жобасын қолдау бағытында ағылшын үкіметінің көмекке дайын екенін мәлімдеді. Сонымн қатар Украина тұтастығын қолайтын қазақ қоғамының парасатын жоғары бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Джеймс Клеверли Ұлыбританияның қазақ экономика базасын қорғау және ауқымын кеңейту үшін Қазақстан Үкіметімен бірлесе жұмыс атқара беретінін атап өтті. Өйткені, Қазақ елінің мүмкіндіктері мол, яғни "Қазақстанның халықаралық әріптестермен жұмыс істеуде бірқатар тиімді, баламалы жолдары бар".
"Қазақстандық мұнай мен газ тасымалындағы кідірістерге қатысты талқылауға қатысқан кезім болды. Біз Ұлыбритания қазақстандық өнімдерді экспорттаудың баламалы жолдарын анықтаушы "Орта дәліз" жобасын қолдауға көмектесу үшін не істей алатыны туралы айттық. Британдық тәжірибенің, инвестициялардың көмегі арқылы. Біз диверсификация мүмкіндіктерін дамытуда белсенді рөл ойнаймыз", - деді Джеймс Клеверли.
Сондай-ақ ол Украинаның аумақтық тұтастығын қолдауға қатысты Қазақстанның ұстанымына жоғары баға берді.