Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады

3323
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде тапсырды. Тізімде Президенттіктен үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Саяси додаға партия атынан партиялық тізім бойынша 25 үміткер қатысатын болады.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жасау кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес барлық санаттың, оның ішінде әйелдердің, жастардың және инклюзивті қоғамның өкілдігі қамтамасыз етілді.

Атап өтсек, ұсынылған 25 кандидаттың ішінде 6 әйел, 1 инклюзивті қоғамның өкілі бар. Сондай-ақ, жастар арасынан 3 адам ұсынылып отыр. Яғни,  тізімде арнайы квота (36%) сақталған. Кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрайды, ең жас кандидат 25 жаста. 2 адам 2022 жылы өткен сайлауда президенттікке, 7 адам 2021 жылы өткен Мәжіліс сайлауында депутатыққа экс-кандидат болған. Сонымен қатар кандидаттардың  ішінде 15 адам бейінді аграрлық білімі бар және нақты сектордың (өндірістің) өкілдері.

Пікірлер