“Жылытқышы бар аялдамалар халыққа емес, әкімдерге ашыла ма?” - Шымкент тұрғынының шағымы

2711
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының тұрғындары қытымыр қыстың суығы қысқанда жылытқышы бар аялдамаларға дамылдап, бой жылыта алмайды. Оның барлығының есігінде құлып тұр. Бұл жайлы Шымкент қаласының тұрғыны хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Шымкент қаласының тұрғыны Асан Анарбай қаладағы тосын жағдайды хабарлады. Қаладағы жылытқыш орнатылған аялдамалардың барлығы кілітеулі. Бұған қатысты:

- Шымкент қаласының әкімдігі қыстыгүні жылытқышы бар аялдамаларды кілттеп қояды

Қақаған аязда ертелі-кеш жолаушы-қонақ үзілмейтін Теміржол вокзалының алды.

2000-шы жылдары комиссия келгенде ашатын информатика кабинеті тәрізді.

Қонаққа ашпаған аялдаманы Әйтеновке аша ма екен?

Вокзал маңы толған – маскүнемдер, жеңгетайлар мен бомждар. Балаға не деп түсіндіреріңді білмейсің. Дүкен сатушыларының айтуынша, жеңгетайлар мен дүңгершек иелері полицейлерге күн сайынғы «шотал», «шапка теңгесін» беріп тұрады.

Үшінші мегаполис емес, кедейшілік шегінде күнкөріс үшін арпалысып-қырқысқан жұрт дерсің. Әкім ептей алмаған соң қаланың сиқы әбден құрыған, - деп жазды автор.

Автордың шағымына құзырлы мекеме тарапынан әзірге қандай да бір ресми жауап қайтарылмады.

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер