“Зиянын тигізе бастады»: Димаш Құдайберген қазақ халқына үндеу жасады

4293
Adyrna.kz Telegram

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды интернет алаяқтардан сақ болуға шақырып, үндеу жолдады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әншінің айтуынша, алаяқтар әншінің атын жамылып, әлеуметтік желіні өз мақсаттарына қолданып жүр.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Бұл бейнетаспаны жазудағы мақсатым – интернет желісінде, Facebook-те менің атымнан ашылған түрлі парақшалар халыққа және маған зиянын тигізе бастады. Жалпы мен ешқашанда ақша сұрайтын ойындар өткізбен емеспін. Тыңдармандарым біле жатар, қателеспесем тікелей эфирдің өзіне 3-4 рет қана шыққам. Алдағы шығармашылық жаңалықтармен бөлісу үшін. Соны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Димаш Құдайберген болып Facebook-те жалған парақшалар ашып алып, халықпен тілдесіп отырған фотомды қойып қойған. Сол арқылы лотерея сияқты түрлі ойындар өткізіп жатқан сияқты етіп көрсеткісі келіп жатыр», – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол барша халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Ондайға ешқашан сенбеңіздер, мен ойындар ұйымдастырған емеспін. Оның маған қажеті де жоқ, сол себептен алданып қалмаңыздар. Ескерту, айту мақсатында осы видеоны түсіріп жатырмын. Ешқашанда интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер», - дейді ол.

Пікірлер