Қазақстан азаматтарының Украинадағы соғысқа қатысқаны туралы ақпарат жоқ - СІМ

3217
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа Қазақстан азаматтары қатысқаны туралы құзырлы органдардан ешқандай ақпарат алған жоқ. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Украинаның құзырлы органдарынан Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны немесе ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат алған жоқпыз. Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді министрлік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде өзін қазақпын деп таныстырған азаматты украиналық әскерилердің ұстап алғаны түсірілген видео пайда болған еді. Алайда бұл жолы видеодағы тұтқынның қазақстандық екеніне ешқандай дәлел көрсетілмеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер