Сайлау-2022: Мейрам Қажыкен Өскеменге барды

459
Adyrna.kz Telegram

ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы «Адырнаэ кандидаттың Штабына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кандидат жиналғандарға өзінің сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді. Содан соң ақ халаттылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Айта кетсек, облыстық аурухана 1889 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мұнда 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Облыстық аурухананың құрамына 6 зертхана, 12 клиникалық және 7 параклиникалық бөлімше, оның ішінде өңірдегі жалғыз кеуде және тамыр хирургиясы, проктология, көз микрохирургиясы, ортопедия бөлімшелері кіреді.

Пікірлер