Тіл үшін талай майданға түскен Қазыбек Исаға сәтті ота жасалды

2239
Adyrna.kz Telegram
Ақын, ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның жүрегіне жасалған ота сәтті өтті. Бұл жайлы оның ақын інісі Азамат Тасқараұлы хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 
Адырна ұлттық порталы ақынның реанимацияға түскенін хабарлап, тез жазылып кетуіне тілектестік танытқан еді. Бүгін Қазыбек Исаның жүрегіне жасалған отаның сәтті өткені белгілі болды. Бұл туралы Азамат Тасқараұлы жазды.
- Қазыбек Иса көкеміздің жүрегіне жасалған ота сәтті өтті. Есін жиып, дәрігерлер бақылауында жатыр. Қайраткер көкемнің жұбайы Жәннат тәтем кешелі бері дұға жасап, тілекші боп отырған барша ағайын, жаранға дұғай сәлем мен зор ризашылығын білдірді. Алла шипасын берсін! - деп жазды ол.
Ақынның аман-есен екенін естігеніне қуанған журналист Темірхан Момбекұлы да:
- Ақын Қазыбек Исаның операциясы сәтті жасалыпты! Енді бақылау, тынығу сағаттары. Бұл жақсы хабарды ақын Азамат Тасқараұлы інімнен естідім. Жасаған Иемізден халқымыздың жасампаз перзенті, ақын Қазыбек Исаны тезірек сауықтыра көр деп тілеймін, - деп тілектестік білдірді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер