Дос-Мұқасан фильмінен әсерленген оқушы топ мүшелеріне хат жазды

4013
Adyrna.kz Telegram

Отандық фильмнен рухани қуат алып, жүрегіне ерекше жылылық ұялатқан 4-cынып оқушысы Әмина Санатқызы "Дос-Мұқасан" тобының саңлақтарына хат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желідегі тілеуқор қауымның назарын аударған жылы жазба, ерекше хатты Әминаның анасы, журналист Назым Дутбаева бөлісті:

"Мен Дос-Мұқасан фильмін көрдім. Менің кішкентай кезімде бұл топты білмедім. Бірақ Мұрат Құсайыновтың шашы ерекше болғандықтан есімде сақтап қалдым. Мен фильмді көргеннен кейін ерекше сезімде болдым. Мен содан кейін оларды көргім келді. Бірақ мен кейбір мүшелері кеткендіктер кездесе алмайтынымды білдім... Бірақ қазіргі мүшелерімен кездесемін деп үміттенемін", - деп жазды нәресте көңілді Әмина.

Айшықтай кетейік, Әмина Санатқызы Қарағанды қаласындағы Сламия Саттаров атындағы 57-мектептің оқушысы. Озуда - озат, қағілез. Әминаның анасы үнемі перзентін қазақы құндылықтармен сусындатып, оларға ұлттық тәрбие беріп келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер