Қанат Ислам (29-1, 22 КО) кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz-кесілтеме жасап.
38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды.
Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Марсель мансабында 18-ші рет жеңілді.
Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің мансабындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.
”Адырна” ұлттық порталы