Түркістан облысында шаруа қошқарын 19 миллионға сатты

2928
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында Бәйдібек ауданының шаруасы қошқарын 40 мың долларға, яғни шамамен 19 миллион теңгеге сатқан. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, шаруа Аманулла Айтахановтың өзі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алдында тиімді мәміле туралы мақтанған. Аймақ басшысы Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті тұрғындармен, атап айтқанда, кәсіпкерлермен, қой өсірушілермен кездесті.

Аманулланың айтуынша, бұл тұқымның дене бітімі үлкен, өсімі жоғары, құйрығы қалың. Жағдайға төзімділігінің, шыдамдылығының арқасында гисар қошқары пәтер бағасына сатылған.

«Кәсіпкерлікті дамытуға грант берді. Иә, бір қошқарды 40 мың долларға саттым. Оны Сарыағаштан алдық. Қошқардың салмағы 200 келідей. Басқа қошқарлар да бар, олар үшін кем дегенде 20 мың доллар сұраймын» дейді фермер.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер