"Прокурордың әйелімін": Шымкентте жанжал шығарған әйелдің кім екені анықталды

3659
Adyrna.kz Telegram

Желіде өзін «Қызылорда облысы прокурорының әйелімін» деп таныстырған келіншектің күзетшілерге дөрекілік танытқан видеосы тараған еді. Полиция оның кім екенін анықтады, деп жазады "Адырна". 

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеке серіктестіктің күзет қызметкері шағым түсірген. 15 шілде күні сағат 14:00 шамасында ғимаратқа келген жас әйел күзетшілерге дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөасқармасының қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес). Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пікірлер