Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды

3286
Adyrna.kz Telegram

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 7 айға дейін ұзартылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауда ұстау 8 мамырға дейін ұзартылды. 

ҰҚК тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеп жатқанын түсіндірді:

- 175-баптың 1-бөлігі – "Мемлекетке опасыздық жасау";  

- 179-баптың 3-бөлігі – "Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер";

  - 218-баптың 3-бөлігі – "Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану". 

- 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану";  

- 366-баптың 4-бөлігі – "Пара алу";

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер