СҚО-да жидек теруге барған әйел адамды аңшы атып мерт қылды

2256
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында орманға жидек теруге барған әйелді аңшы атып өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Бауман ауылында болған. Әйелдің кеуде тұсына оқ тиген. Бұл туралы марқұмның туысы желіде хабарлады.

Болжам бойынша, күдікті орманда жүрген Алтынай Мұздақбаеваны аң деп ойлап қалған. Ол оқ тиген әйелді ауруханаға өзі апармақ болған. Алайда ауыр жарақат салдарынан жолда қайтыс болған.

"Адамның қайтыс болуы туралы баппен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты жасаған адам Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша ұсталып, Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді аудан прокуроры Талғат Төлегенов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер