Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты

3104
Adyrna.kz Telegram
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  «turkystan.kz»-ке сілтеме жасап.                       

«Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Жер шарында танымал жоба болуы керек. DIDI деген такси жобасы бізге кірейін деді. Алайда олар кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады. Ол миллиардтаған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар дүниежүзі бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздестіреді. Жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», – деді Бағдат Мусин.

Министрдің сөзінше,  тек Қазақстан үшін бір жоба жасау цифрландыру тұрғысынан тиімсіз. Сондай-ақ ол шетелдегі қазақстандық IT мамандарының басын қосып, елімізге керекті өнімдердің тиімділігін талқылап жатқанын жеткізді.

 

        «Адырна» ұлттық порталы    

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер