Теміртау қаласында екі әйелден ірі көлемде есірткі табылды. Арнайы жүргізілген операция кезінде тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, құжаттарын тексерген. Сол кезде ішінде отырған екі жолаушының әрекеті күдік тудырыпты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Хабар 24”-ке сілтеп.
Тінту кезінде олардан тыйым салынған психотроптық заттар табылды. 32 және 36 жастағы келіншектер есірткіні өзіміз қолдану үшін алдық деп ақталғанымен тәртіп сақшылары тауарды тәркілеп, өздерін қамауға алды.
“Полиция қызметкерлерімен автокөлікке жүргізілген тінту барысында 98 флакон тропикамид дәрісі, 12 пластина трамадол және 6 қорап алис препараты тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде”,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
”Адырна” ұлттық порталы