Саясатта Дикий Арман секілді азаматтар керек - Дәулет Тұрлыханов

3456
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстанның Еңбек сіңірген спортшысы және жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов "Дикий Арман" лақапатымен белгілі Арман Жұмагелдиевпен кездесуі туралы Talk Like бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сонымен қатар Тұрлыханов саясатта Дикий Арман секілді азаматтардың керек екенін мәлімдеді.

"Ол кезде Белградта күрес федерациясының үлкен конгресі өткен. Мұнымен қатар бокстан әлем чемпионаты жүріп жатты. Қонақ үйдің астындағы дәмханада отырғанда Арманды көріп қалдым. Ол келіп, амандасты. Бірге суретке түстік. Кейін боксшыларға сыйақысын беріпті. Енді Дикий Арман туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Себебі өз көзіммен көрген жоқпын, алып-қашпа әңгімеге ілеспеймін", – деді сұхбатында.

Еңбек сіңірген жаттықтырушы саясатта Арман секілді азаматтарға мүмкіндік беру керек дейді. 

"Саясатта Арманға ұқсаған тіпті одан асып түсетін азаматтарға мүмкіндік беру керек. Өйткені өсіп келе жатқан жастарға қарауы қажет. Егер бақылау болмаса, жастар бірігіп, түрлі топтар пайда болады. Айтайын дегенім, қазақтың жас батырлары керек. Өкінішке орай, қазір ешкімді батыр деп айта алмаймыз. Бұл – мемлекеттің кемшілігі", – дейді ол. 

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер