Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алынды

2269
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

«2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді сот.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайтыны атап өтілген.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлының Алматы әуежайында ұсталғанын, оның Дубайға ұшпақ болғанын растады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер