Өз қызын зорлаған әке: бір жыл бойы қорлық көрсеткен педофилге қатысты үкім шықты

3551
Adyrna.kz Telegram

Атырауда өз қызын бір жыл бойы зорлап келген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызына ұзақ уақыт бойына қорлық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шықты. Ол сондай-ақ үйінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған.

«Сотталушының кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама нәтижелерімен және бейне жазбалармен толық дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 124 және 287-баптары – «Кәмелетке толмағандарды қорлау» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ер адам өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарланды. Сондай-ақ өмір бойына ұстаздық қызмет атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қарағандыда 15 жасар өгей қызын алты айдан астам уақыт бойы зорлаған педофил туралы хабарланған болатын. Ол 12,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер