Қазақстанда сирек кездесетін металдар бар ма?

850
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

Қазақстан жерінде сирек кездесетін металдар әлі өндірілмеген. Бірақ перспективалы аймақтар ашылған. Бұл туралы Informburo.kz сайтының сауалына Индустрия және құрылыс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрлік мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарға иттрий, лантан және лантаноидтар тобына жататын 13 элемент (церий, празеодим, неодим, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций) кіреді. Қазақстанда олар басқа қатты пайдалы қазбалармен бірге кездеседі және жанама түрде алынуы мүмкін.

Мамандар еліміздің Шығыс және Орталық аймақтарында жер қойнауын зерттеп, берилий, иттрий, ниобий, вольфрам, галий, цезий және басқа сирек металдардың қорлары бар 20 орынды анықтады.

«Күйректікөл» учаскесінің шикізат қорының жеткіліктілігі бойынша оң баға алынды, бұл учаскелер барлау лицензиясы бойынша одан әрі зерттеу үшін жер қойнауын пайдалануға беріледі», - деді министрлік.

Мемлекеттік бюджет есебінен Орталық Қалба аумағын зерттеу және бағалау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 2026 жылы аяқталуы жоспарланған.

Айта кетсек, АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы минералды ресурстарға, соның ішінде жерде сирек кездесетін қазбаларға қол жеткізу туралы келіссөздер жүргізген. Сонымен қатар, ол Ресейдің сирек металдарына қол жеткізу үшін келісімдер жасауға қызығушылық танытқанын мәлімдеген, себебі олар жоғары технологиялық жабдықтар өндірісіне қажет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер