Футболдан "Ақтөбе" құрамасының ойыншысы жанкүйерлерінен кешірім сұрады

4751
Adyrna.kz Telegram
Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

«Ақтөбе» ойыншысы Әлібек Қасым Суперкубоктегі жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Футболдан Қазақстан Суперкубогінде «Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары кездесіп, алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч «Астана Аренада» өтті.

Бірінші таймда екі команда да есеп аша алмағанымен, екінші таймда «Қайрат» жауапсыз екі гол соғып, кезекті рет Суперкубок иегері атанды.

«Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым жанкүйерлерден кешірім сұрады.

"Бүгін өте тартысты ойын болды. Бірақ, өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін және олардан кешірім сұраймын" – деді футболшы.

58-минутта Элдер Сантана командаласының берген пасын сәтті пайдаланып, есеп ашты. 61-минутта «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапалов алаңнан қуылды. Бірақ сан басымдығын пайдаланған «Ақтөбе» есепті теңестіре алмады. 86-минутта Сантана пас беріп, Громыко екінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, «Қайрат» кезекті рет Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер