Талғар ісі. Марқұм Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

1002
Adyrna.kz Telegram

Қайғылы жағдайда қаза болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Талғар ісі бойынша бірнеше маңызды мәлімдеме жасауды жөн деп санаймын. Біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды қамауға алуды сұраған жоқ. Марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға туыстарының келісімі болмады. Қаржаубайға 15 тәулікке қамау түрінде жаза тағайындаған сот шешімін заңсыз деп есептейміз және апелляциялық шағым түсірдік. Бүгін полиция Қаржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР ҚК 202-бабы (Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, - деп жазды адвокат.

Еске салайық, Қаржаубай Нұрымов бұған дейін баласы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстарының әділ өтуін талап етіп, БАҚ өкілдерімен кездесуді сұраған болатын. Ал бүгін отбасының өзге аймаққа көшкені айтылды.

Пікірлер