Қазақстан өз алаңында ұтылды. Бұл да Черчесовке сын болды

1581
Adyrna.kz Telegram
Фото: prosport.kz
Фото: prosport.kz

Ұлттар лигасының топтық кезеңінің 5-ші турындағы ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Австрия құрамасынан ұтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sportburo.kz сайтына сілтеп. 

Алматыда өткен кездесу 2:0 есебімен австриялықтардың пайдасына аяқталды.

15-минутта Кристоф Баумгартнер есеп ашса, 23-ші минутта алаң иелері Александр Марочкиннің алаңнан қуылуына байланысты он адаммен қалды. Бірнеше минуттан кейін Майкл Грегорич екінші голды соқты.

Қазақстан құрамасы үшін бұл ресейлік бапкер Станислав Черчесов жетекшілік еткен төртінші рет жеңіліс болды. Қазақстан құрамасы бірде-бір гол соқпай, 1 ұпаймен Ұлттар лигасының В3 тобында кестені аяқтады.

Еске сслайық, бұған дейін Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасынан кетуі мүмкін екенін спорт журналисі Ермұхамед Мәулен айтқанын хабарладық. 

Пікірлер