Бизнес серіктесі өлтірген болуы мүмкін. Алматыдан күйген адамның денесі табылды

794
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматыда Қарасай ауданынан күйген адамның денесі бар өртенген автокөлік табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға орнынан түсірілген видео «Письма Президенту» Telegram-арнасында жарияланған. Ақпаратқа сәйкес, көлік 31 наурызда демалыс аймағының маңынан табылған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша алдын ала тергеу басталған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 43 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстың егжей-тегжейін ашып айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде күдікті өз бизнес-серіктесін балғамен басынан ұрып өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін мәйітті көлікпен бірге өртеп, қашып кеткені айтылуда.

Пікірлер