Шерзат Полаттың отбасы заңгерімен жұмысын тоқтатты

293
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Талғарда  қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдімен  ынтымақтастықты тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алайда, олар заңгерлік қолдаудан бас тартпағанын мәлімдеді. Енді олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғайтын болады.

Бұған дейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов барлық адвокаттардан бас тартты деген ақпарат тараған еді. Алайда қоғам белсендісі Жан Ахмадиев бұл түсініспеушілік екенін айтты. Оның сөзінше, отбасы тек бұрынғы өкілі Айтбек Амангелдімен байланысты үзуді қалаған.

"Қаржаубайдың отбасы адвокаттардан бас тартқан жоқ. Олар тек Айтбек Амангелдімен қарым-қатынасты тоқтатты", – деді Ахмадиев.

Отбасының жаңа адвокаты Мейірман Шекеевтің айтуынша, оның командасы бұған дейін істі жүргізген заңгерлермен жұмыс істеуге дайын. Алайда, ол соңғы екі күн бойы істің материалдарын ала алмай жүргенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында Талғар қаласында жасөспірім Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жәбірленушінің туыстары мен тұрғындар әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.

Желтоқсан айында полиция Талғар шетінен Шерзаттың 30 жастағы ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесін тапты. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қысымға шыдамай, өз-өзіне қол жұмсаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер