Республикалық тас жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

909
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 7 облыстағы 15 республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Абай облысы:

«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының Үржар ауылынан ҚХР шекарасына дейінгі аралығы;

Ақмола облысы:

«Қостанай - Әулиекөл –Сұрған»  автожолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейінгі аралығы;

«Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейінгі аралығы;

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейінгі аралығы;

«Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан - Атбасар қаласынан дейінгі аралығы;

«Көкшетау – Атбасар»  автожолының Атбасар қаласынан Максимовка ауылына дейінгі аралығы;

«Астана - Атбасар - Жақсы - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі аралығы;

Алматы облысы:

«Алматау турбазасына кіреберіс» автожолының Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейінгі аралығы;

Шығыс Қазақстан облысы:

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының Ушаново ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралығы;

Қостанай облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығы;

«Қостанай - Әулиекөл –Сұрған»  автожолының Әулиекөл ауылы Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы;

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін);

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының Ақмола облысы шекарасынан Тоқсан би ауылына дейінгі аралығы;

«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының Рузаевка ауылынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі аралығы;

Ұлытау облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 310 арнайы техника мен 421 маман жұмылдырылды.

 

Пікірлер