Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Брайан Хьюз Украинаның АҚШ-пен сирек кездесетін минералдар жөніндегі келісімді қабылдамауына қатысты мәлімдеме жасамады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Президент Зеленский Трамп әкімшілігінің Украинаға берген керемет мүмкіндігіне селқостық танытты»,— деді Ақ үй өкілі.
Айтуынша, бұл келісім Украина экономикасының өсуіне ықпал етеді.
Еске салайық, Владимир Зеленскийдің АҚШ ұсынған Украинаның пайдалы қазбаларының 50%-ына құқық беретін келісімге қол қоюдан бас тартқаны белгілі болды.
«Мен министрлерге бұл келісімге қол қоюға рұқсат берген жоқпын, өйткені менің ойымша, ол бізді және біздің мүдделерімізді қорғауға дайын емес»,— деді ол сенбі күні Мюнхенде The Associated Press агенттігіне.